Аймақтар • 31 Мамыр, 2018

Қостанайдағы «Ақжелең» ұлт-аспаптар ансамблі  Мысырда өнер көрсетеді

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Ақжелең» ансамблі  Каир қаласында өтетін халықаралық  музыка фестиваліне қатысады.

Қостанайдағы «Ақжелең» ұлт-аспаптар ансамблі  Мысырда өнер көрсетеді

Назымбек Молдахметов басқаратын «Ақжелең» ансамблі Қазақстан атынан қатысып, қазақ өнерін мысырлықтарға танытпақ. Ансамбльдің ұлттық аспаптардың құлағында ойнайтын 15 мүшесі халқымыздың күй өнерінің небір ғажап үлгісін тыңдатады. Ансамбль   бұл жолы репертуарына Тәттімбеттің, Құрманғазының бірнеше күйлерімен қатар,  Ермұрат Үсеновтың осы ұжымға арнап жазған  «Алтын дала» шығармасын да қосты.  

«Біздің ансамбль әншілерді сүйемелдейтіні қостанайлық көрермендерге мәлім. Бірақ фестиваль шартына орай бұл жолы ансамбльмен бірге әншілер бармайды.  Ансамбль музыканттары Мысырды  қазақ музыкасымен тәнті етерімізге сенеміз» дейді  Назымбек Молдахметов.

Бұл өнер ұжымының алғашқы өнер сапары емес. 1994 жылы құрылған ансамбль осыған дейін  өз сахнасымен қатар,  Голландия, Ресей, Корея,  Франция және Германия елдерінде болып, қазақ өнерімен өзге жұртты талай таңдай қақтырған.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай